Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

47

.pdf
Скачиваний:
10
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.5 Mб
Скачать

құжаттарын толығымен қарастырып, сандық нысанға көшірілді. Электронды көшірмесі алынған бұл құжаттар жүйеленіп, алдағы уақытта мұражайда орналастырылып, халық назарына ұсынылмақ. Бірақ, бұл мұражайды көп адамдар біле бермейді және қаланың сыртында орналасқандықтан екінің бірі құжаттармен танысу мүмкіндігіне ие деп айта алмаймын.

Архив материалдары негізінде ғылыми – көпшілік кітапшалар шығару, архив қойнауында жатқан ең қызықты құжаттарды көпшілікке танымал етудің тиімді түрі. Бұл орайда «Әділет» қоғамды

ұйымдастырушылардың бірі, қоғам шаңырақ көтергелі оның тұрақты басқарма мүшесі, біраз жыл президенті, соңғы кездері төраға орынбасары ретінде жұмысына белсене қатысып келе жатқан жазушы және тарихшы Бейбіт Қойшыбаевтың «Әділет» туымен ширек ғасыр» деп аталған публицистикалық хроникасын айтуға болады. Жинаққа автордың «Әділет» идеяларын насихаттауға, сталинизм қылмыстарын әшкерелеуге, тарихи білімді таратуға байланысты әр кезде жазылған мақалалары, түрлі жиындардағы сөздері, баяндамалары, әзірленуіне тікелей өзінің қатысы болған құжаттар, түрлі басылымдарға берген сұхбаттары енгізілген. Дегенменде бұл жинақта жарияланған деректер архив қорындағы материал емесі анық. Яғни, құжаттарды деректанулық талдаудан өткізіп, алынған нәтижелерді қоғамның қызметімен ұштастыра отырып жызылған ғылымикөпшілік кітапшалар халықтың сұранысына ие.

Архив құжаттары негізінде даярланған телехабардың көрерменге әсері зор. Осыған байланысты, телехабарларда ашаршылық немесе репрессия тақырыбына арналған бағдарламаларда «Әділет» қоғамы туралы айтпай кету мүмкін емес. Бағдарлама аясында құнды құжаттардың түпнұсқасын және оқиға куәгерлерімен даярланған телехабарлар халықтың, өткен тарихқа деген қызығушылығын оятады. Сондай-ақ, Жаңалықтағы мемориал кешенінің ашылу салтанаты барысында түсірілген видеоматериалдар жинақталып, «Бес арыс» (ҚР ПА. 148-Н-ф. 1-оп. 13-д: 6) деген атаумен хроникалық видеоролик жасалған. Аталмыш видеоролик көпшілік назарына ұсынылмаған. Осы деректерді жинақтап, арнайы бағдарламаларда деректі фильм ретінде жариялау арқылы қоғам қызығушылығын туғызуға болады.

Бұл тарихи қоғамның архив құжаттарын насихаттау жолдары өте көп және ең бастысы қолжетімді. Алдағы уақытта қорды құжаттармен толықтыру жұмыстары қайта қолға алынып, ондағы деректердің құндылығын одан әрі арттырмақ. Сонымен қатар «Әділет» қоғамына қызығушылық танытқан зерттеушілердің ғылыми жұмыстарына мол ақпарат жинау үшін септігін тигізері айдан анық.

Қорыта келе, «Әділет» қоғамы өткеніміз туралы ешқандай боямасыз ақиқатты, ащы шындықты қалпына келтіруді, заңсыздықтардың құрбандарын мәңгі есте қалдыруды, келер ұрпақты шыншыл тарихпен тәрбиелеуге үлес қосуды мұрат тұтты. Қазақстанның «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы тәуелсіздігімізден екі жыл, сегіз ай бұрын дүниеге келді. Демек, өзінің сталинизм қылмыстарын әшкерелеу, жабық тақырып саналып келген саяси қуғын-сүргін және алапат ашаршылық шындықтарын ашу, жазықсыз құрбан болғандарды ақтау ісіне атсалысу сынды бағдарламалық жұмыстарын атқара жүріп, сол арқылы еліміздің егемендікке қол жеткізуіне белгілі бір дәрежеде өзіндік үлес қосты. Содан бері тәуелсіздікпен бірге дамып, жастарды тарихпен тәриелеу ісіне, қоғамдық сананы қалыптастыруға, демократиялық құндылықтарды орнықтыруға барынша атсалысып келеді. Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, еліміздің тарихына жаңаша ой-пікірлердің қалыптаса бастаған шағында, халқымыздың азаттық жолында қызмет атқарған «Әділет» тарихи – ағарту қоғамының саяси қызметі туралы мағлұматтарды ғылыми арнада жүйелеп, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік туды. Бұл ел бірлігін арттыруды идеологиялық тұрғыда қамсыздандыру үшін қажет.

Тарих арқылы тәрбиелеудің жолдары да, тәсілдері де көп. Солардың бірі - отандық тарихи ойдың қалыптасуы мен даму үрдістерін зерттеу арқылы ұрпақ бойына асыл сөздер мен ойларды дарыту. Алайда сол баға жетпес мұраны іздеу, табу және ең бастысы қоғамға жеткізе білу қажет. Ұлт көшбасшысының қабылдаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, бұл үрдістің дамуына оң ықпалын тигізбек. Әділет үшін күрескен «Әділет» қоғамының туын желбірете беруді баршамыздың азаматтық борышымыз деп ұғайық.

Библиография:

1 Қазақтан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсылтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы// Егемен Қазақстан. – 2017 жыл 26 сәуір.

2 Санжар Жандосов «Кешегіміз күңгірт болмасын» // Социалистік Қазақстан. – 1989 жыл 30 маусым. 3 Бейбіт Қойшыбаев «Мақсат – тарих арқылы тәрбиелеу» // Қазақ үні. – 2010 жыл 19 маусым.

4 Қозыбаев М. Қазақстандағы күшпен коллективтендіру: қорлық пен зорлық. – Алматы: ҚР ҒА, 1992. - 36 б. 5 Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қаақстан қасіреті. – Алматы: Санат, 1997. – 320 б.

151

6 Қойгелдиев М. Жалпыхалықтық қасіретті естен шығару қоғамның өзі үшін де қауіпті /Алаш айнасы. - №92. – 2011 жыл 31 мамыр.

7«32-нің зұлматы»: (Профессор Қ.М. Атабаев жетекшілік жасаған тарихи-этнологиялық экспедиция деректері). – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 308 б.

8Омарбеков Т. Голодомор в Казахстане: причины, масштабы и итоги (1930-1933 гг.). Хрестоматия. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 204 с.

9Аимбетов С. 1926-1939 жылдар аралығындағы Қазақстан халқының этно-демографиялық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер. Тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған авторефераты. – Алматы, 1998. – 190 б.

10Әбжанов Х.М. Қазақ қасіреті: қылмыс пен жаза // Отан тарихы. – 2012. №2 (58).–5-10бб.

11Қойшыбаев Б. «Әділет» туымен ширек ғасыр. – Алматы: Абзал-ай, 2014. – 368 б.

12Хасанаев М.Ж. Парыз: сұхбаттар, мақалалар. – Алматы: Арыс, 2013. – 188 б.

13Қазақстан Республикасының Президент Архивы. – 148-Н-қ. 3-тізбе. – 655 іс

14Қазақстан Республикасының 1993 жылы 14 сәуірде жарияланған «Реабилитации жертв массовых политических репрессий» заңы [электронный ресурс] 2012. – URL: http://adilet.zan.kz// (қаралған күні: 12.10.2018)

151995 жылыҚРПрезидентіменбекітілген«КонцепцияформированияисторическогосознаниявРеспубликеКазахстан» атты тұжырымдамасы [электронный ресурс] 2013. – URL: https://e-history.kz/ru/contents/view// (қаралған күні: 28.10.2018)

16ҚРПА. – 148-Н-фонд. – 1-опись. – 13-дело. Перепискаобщества«Адилет» сминстерствами, ведомствами, областными администрациями, банками Республики Казахстан, обществом «Мемориял» г. Москвы по вопросам сотрудничества, организации проведения «Дня поминовения» жертв голода и массовых репрессий, юбилейных мероприятий и оказания спонсорской помощии «Книги скорьби». – 13 л.

17ҚР ПА. – 148-Н-ф. – 1-оп. – 18-д. Документы по подготовке к изданию «Книги скорьби» в память о жертвах политичиских репрессий. – 47 л.

18ҚР ПА. – 148-Н-ф. – 1-оп. – 34-д. Письма Президенту, примьер-министру в КНБ, Нацбанку, Министерству финансов Республики Казахстан, акимам областей и городов Акмолы и Алматы по оказанию содействия в увековечении памяти жертв политичиских репрессий 30-50 годов, захороненным в близи села «Жаналык». – 28 л.

19ҚР ПА. – 148-Н-ф. – 1-оп. – 2-д. Стенограмма II пленума правления Казахстанского добровольного историкопросветительского общества «Адилет» от 18 апреля 1990г. Алма-ата. – 64 л.

20ҚР ПА. – 148-Н-ф. – 1-оп. – 11-д. Переписка общества «Адилет» с Аппаратом Президента, КНБ, гражданами Республики Казахстан об увековечение памяти жертв политичиских репрессий и оказании материальной поддержки реаблитированным гражданами Казахстана 4.01.1993 – 1.10.1993. – 14л.

21ҚР ПА. – 148-Н-фонд. – 2-опись.

22ҚР ПА. – 148-Н-фонд. – 3-опись.

ЭЛЕКТРОННЫЕ ХРАНИЛИЩА ЗА РУБЕЖОМ.

Тканов А. С.

Студент 3-курса специальности «5В051500-Архивоведение, документоведение

идокументационное обеспечение» КазНУ им. аль-Фараби

Вусловиях развития современных информационно-коммуникационных технологий и повсеместного внедрения и использования в управлении организациями систем электронного документооборота растет количество электронных документов. Организация работы с электронными документами в системе управления на всех этапах их жизненного цикла является сегодня актуальной задачей для специалистов в сфере управления документами. Однако наибольшую проблему составляет организация долговременного хранения электронных документов, передача их в архивы организаций,

азатем в государственные архивы и обеспечение их сохранности. В органах государственного управления накоплен значительный объем документов в электронном виде (как организационнораспорядительных, так и научно-технических).

Рассмотрен зарубежный опыт в области обеспечения долговременного хранения электронных документов, в том числе изначально созданных в электронном виде и оцифрованных. Представлена практика США и ряда европейских стран по созданию и внедрению проектов, обеспечивающих хранение электронных документов, среди них Стратегический план Национального архива США

(НАРА), общеевропейский проект E-ARK (European Archivai Records and Knowledge Préservation),

эстонская компьютерная программа «Универсальный модуль архивирования» (Universal Archiving Mоdule), финский Sähke, голландский OAIS (Open Archivai Information System), французский VITAM (Valeurs Immatérielles Transférées aux Archives pour Mémoire) и др.

Рассматривая решения разных стран в части обеспечения долговременной сохранности электронныхдокументов, можновыявитьнекоторыеобщиетенденции, которые, очевидно, могутбыть реализованыивроссийскойпрактике. Во-первых, дляобеспеченияхраненияэлектронныхдокументов в соответствии с установленными сроками в информационных системах организаций, где эти документы создаются и/или используются в оперативных целях, должны быть реализованы некоторые

152

функции, позволяющие произвести отбор документов по срокам хранения. А также эти системы должны гарантировать подготовку документов для передачи в информационную систему архива в соответствии с требованиями последнего, т. е. архивные требования закладываются в системы оперативной работы с документами. Во-вторых, очевидно, необходимо говорить о новом организационном решении долговременного хранения электронных документов. Модель, в соответствии с которой документы из оперативного делопроизводства передаются в архив своей организации, а затем в государственный архив, может оказаться неэффективной. Более целесообразным признается вариант, когда электронные документы из различных организаций (органоввласти) передаютсявединыйархивэлектронныхдокументов, обладающийсоответствующим программно-техническим обеспечением.

ВСША проблеме обеспечения сохранности ЭД посвящен целый ряд публикаций, среди которых статьи У. Канлайффа, В. Айрон Волч, Т. Руллера, С. Пьясекки, М. Хедстром, Р. Кокса, Д. Бирмана, К. Линча, И. Парк, А. Джиллиленд-Свитленд, М. Клунена, Р. Мура, М. Касвелла, Г. Гледни, Дж. Стернфелд, Л. Дюранти, М. Киршенбаума, К. Ли.

Первые ЭД начали поступать в NARA с 1965 г. На протяжении 1969-1988 гг. федеральные ведомства передали на хранении более 14 тыс. файлов. В 1989 г. в составе NARA был создан Центр электронных документов, включавший два подразделения: хранения, проверки и контроля.

Вопросами передачи на постоянное хранение электронных документов занимаются и в Евросоюзе.

Проект E-ARK (European Archival Records and Knowledge Preservation) разработан и финансируется Европейской комиссией в рамках Программы поддержки информационных и коммуникационных технологий, включенной в Программу по конкурентоспособности и инновациям. Цель проекта - обеспечение эффективного делопроизводства, связанного с тремя основными видами архивной деятельности, а именно - комплектованием, хранением и возможностью повторного использования архивной информации.

ВВеликобритании для реализации задач хранения электронных документов разработан стратегический план «Архивы вдохновляют: планы и приоритеты Национального архива Великобритании на 2015-2019 гг.».

Вянваре 2017 г. Национальные архивы Великобритании опубликовали свою новую «Электронную стратегию», где обозначили цель стать инновационным электронным архивом, фундаментально переосмысливающим архивную практику, начиная с основополагающих принципов.

ВЭстониипроблемыдолговременногохранениядокументов, изначальносозданныхвэлектронном виде, начинают решаться на уровне ведомства. С этой целью в 2010 году создана специальная компьютерная программа Универсальный модуль архивирования (Universal Archiving Mоdule, UAM), доступная на сайте Национального архива Эстонии, предназначенная для архивистов организации и позволяющая осуществлять экспорт данных из системы управления электронными документами (СУЭД) в архив организации.

Во Франции в 2011 г. был запущен проект межведомственной системы архивного хранения электронных документов VITAM (Valeurs Immatérielles Transférées aux Archives pour Mémoire -

Нематериальныеценности, переданныевархивыдлясохраненияпамяти). VITAM нацеленнаразвитие модульной программной платформы хранения документов в министерствах, адаптированной к их потребностям и специфике. Она будет также служить базой для развития программного обеспечения для постоянного хранения электронных документов в научных целях в Национальном архиве и в архивах министерств обороны и иностранных дел.

Литература:

1)Ларин М.В. Управление электронными документами. Зарубежная практика // Делопроизводство. 2013.

2)Ларин М.В. 2008. Электронные документы: нормативно-методическое обеспечение. — Вестник архивиста. № 4.

3)Зарубежный опыт управленияэлектроннымидокументами иорганизации их хранения. Аналитический обзор / [авт.: В. Ф. Янковая, А. Ю. Чуковенков, В. Б. Прозорова] ; [М. В. Ларин (рук. авт. коллектива)] ; Росархив, ВНИИДАД. - Москва, 2014.

153

МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМ БЕТТЕРІНДЕГІ АРХИВ ІСІ

Шаштай Ж.Е.

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының 1 курс магистранты

Ғылыми жетекшісі т.ғ.д., доцент Алимгазинов К.Ш.

Қоғамда ойып тұрып алатын орны мен қызметіне қарай құжаттардың қаншалықты қажет екені ғылым мен тәжірибеде дәлелдеп тұр. Қандай да қызмет болмасын құжаттардың керек болмай қалған тұсы кем де кем шығар. Сол құжаттардың орындалу мерзімі жеткеннен кейінгі ақыр соңында архив қабырғасында орын тебетіні сөзсіз. Архив көнені бүгінге жалғайтын жаһар жәдігерлер қоймасы. Бір мемлекеттің тағдырын, өткен тарихын саралап, бағалауға мүмкіндік беретін ондағы сақталған тарихи фактілерге бай құжаттарды сақтау, сонымен бірге тек сақтап ғана қоймай оларды қоғам игілігіне қолдау, түпкі түбірінде еш елеусіз қалған кей құжаттардың ғылыми айналымға енгізілу, жариялау, сондай-ақ заман талабына сай архив қызметін қоғам сахынасына икемдеу сынды басты қызметтер мен мәселелерді ұйымдастыру барысында шешуші факторлардың бірі болып табылатын кәсіби мерзімді баспалардың рөлі ерекше болмақ.

Мерзімді баспалардың негізгі мақсаты – қоғам санасын қалыптастыру болып табылады. Мерзімді басылымдар, соның ішіндегі журналдар негізінен жеті түрге бөлінеді:

Қоғамық - саяси журналдар Ғылыми журналдар Ғылыми – көпшілік Өндірістік – тәжірибелік Көпшілікке арналған журнал Әдеби – көркем журналдар

Реферативті журналдар болып бөлінеді [1]. Жоғарыда аталған басылым түрлеріне қарай архив ісінің тәжірибелік, әдістемелік, сондай-ақ архив қорындағы құжаттарды ғылыми айналымға енгізу сынды мәселерді қарастыруда осы арнайы арнада тоғысқан оқырман-қызметкерлердің біліктілігін арттыру, жұмыста белсенділігі мен кәсібилігін дамыту, архив жұмысының жаңа бағыттарымен жұмыс қызметіндегі кешенді проблемаларды талқылау, іздеу, зерттеу сынды жағдайлардышешу үшін арнайы журналдардың қажеті өте зор [2]. Сондықтан кәсіби мен идеологиялық қызметі бірге жүретін бұл мерзімді басылымдардың архив саласындағы маңызы аса қажет.

Елімізөзалдынаелболып, тәуелсіздігіналғантұстанбастап, қайтақұруларменнағызшиеленіскен кезеңде бұл негізге бірден келе қойған жоқ. Мерзімді баспалардың негізгі критериі бойынша мемлекеттік тіркелге және тіркелмеген деп бөлінеді. Осы орайда мемлекеттік тіркелмеген архивтердің ішінде журналдар басылып шықты. Бұл деңгейдегі журналдар, архивтердің өз ішіндегі жүргізіліп жатқанжұмыстар менмәселелер шеңберіндеғанаорыналды. Алтіркелген жәнекәсібижурналдар тек 2006 жылдары өз қарқынын алды. Солардың қатарына «Қазақстан мұрағаттары», «Вопросы

документооборота», «Қазақстандағы іс жүргізу», «Бюллетень Архива Президента РК», атты мерзімді журналдар жарық көре бастады.

Жалпы өткен ғасырдың 90 жылдары еліміздің басты проблемасы болып келе жатқан тіл мәселесіне сай, яғни ҚР тіл туралы заңы 1997 жылы қабылданған еді [3]. аталмыш заңның жариялануына дейінгі мерзімді басылым беттеріндегі қазақ тіліндегі жазылған мақалалар мен көтерілген мәселелер көбіне 90% - дан астамы орыс тілінде жарияланып келді. Қазіргі таңдағы бұл көрсеткіш өткен уақытпен салыстырғанда біршама төмендеп келеді. Нақты бұл жағдайдың орын алуына архив саласындағы мамандардыңаздығыменотандықеңбектердіңжоқтығы. Сондай– ақаталмышсаладағытерминдердің қазақ тіліндегі аудармасының қолданысқа ену процессі баяу жүру себеп. Негізінен архивтану ғылымындағы жалпы құжаттармен жұмыс негізінде басты ІҮ қызмет атқарылады:

І. Құжаттарды есепке алу ІІ. Құжаттарды сараптау

ІІІ. Құжаттарды сақтау ІҮ. Құжаттарды ғылыми айналымға енгізу, ҒАА. Жоғарыда келтірілген негізгі жұмыстарға сәйкес

арнайы кәсіби журналдарда осыған сәйкес мақалалар қамтып өтіледі. Осымен бірге заман талабына сай технологиямен электронды қоғамның дамуына сәйкес архивтердің электронды күйге көшіру автоматтандыу сынды мәселелер көптеп көтерілуде. Сондай-ақ ҚР тұңғыш Президентінің «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес архив саласын жаңа қоғамға, жаңа сфераға икемдеу сынды негізге сәйкес орын алып жатыр[4].

154

Түйіндей келе, мерзімді басылым беттеріндегі көтерілген сапалы және маңызды мәселелер архив ісін дамытып, қоғамдағы орны мен рөлін көтудегі ең басты итермелеуші негіз болары шындық. Яғни әр редакциялардың архивтегі қор құжаттарын ашық қоғамға жариялау, маңызын ашып көрсету, сонымен бірге архивші мамандардың біліктілігін арттырудағы мақсаты биік болуы қажет.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Гост 7. 60-90 «Издания. Основные виды. Термины и определения».

2.Жамханова К.А. От редакции // Алматы қаласының мұрағат қызметі хабаршысы. - 2007. - №1 С.7-8.

3.Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңы 1997 жылғы 11 шілде № 151 / http://adilet.zan.kz.

4.«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 2017 жыл 12 желтоқсан № 827 / http://adilet.zan.kz.

155

№ 4 СЕКЦИЯ

ҚР ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНАЛАРЫ: ДАМУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ/ЭЛЕКТРОННЫЕ БИБЛИОТЕКИ РК: СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ/ DIGITAL LIBRARIES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN: MODERN DEVELOPMENT TRENDS

Қазақстандағы кітапханалық білімнің дамуы және білім берудің өзекті мәселелері

Үсенова Салима

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Тарих, археология және этнология» факультеті 5В091000. Кітапхана ісі мамандығының 3 курс студенті

Қазақстандағы кітапханалық білімнің алғаш қалыптасуы мен даму тарихы өз кезегінде бірқатар кезеңдердентұрды. Кітапханалықбілім– тікелейқоғамменқарым-қатынасжасайтынәріақпараттарды сараптайтын білікті мамандарды даярлау бағытында ұйымдастырылған оқыту жүйесі. Қазақстанда кітапханалық білім жүйесі тікелей Ресей елінің ықпалымен келген сала болып табылады әрі алғашқы пайда болған жылдары кітапхана мамандарын даярлайтын шағын колледждерде тек қана кітаптарды салабойыншажіктеу, саралау, жүйеліорналастыруәріоқырмандарменқарым-қатынасжасауэтикасын үйрету түрінде өтсе, қазіргі таңда бұл сала тікелей жаңа ақпараттық технологиялармен жұмыс істейтін модернизацияланған жүйеге айналды. Болашақ кітапхана мамандардың өмірлік қызметі және маман ретіндегі қалыптасу үстінде оқырмандармен қарым-қатынас рөлінің маңызы зор екендігі жөнінде көптеген еңбектерде ғылыми түрде дәлелденген. Қарым-қатынас дағдысы кәсіптік қызметке, қоғамдағы белсенділік деңгейіне тікелей байланысты және ол әркімнің жеке іс-әрекеті. Мұның бәрі кітапханалық жүйені қалыптастыруда қарым-қатынас мәдениетінің маңыздылығын көрсетеді. Кітапханалықбілімменмәдениетжалпымәдениеттіңбірбөлігіболыпсаналады. Өйткеніолқоғаммен тікелей байланысқа шығып ортақ әлеуметтік қызмет көрсетеді. Кітапханалық білім мен оның перспективасы ғылыми дәреже ретінде соңғы жылдары ғана өз жалғасын тапты.

Кітапханашы мамандығының бір ерекшелігі тікелей оқырманмен қатынас орнату әрі адамдардың белгілі одақтағы өзара әрекеттестігі. Белгілі процесте оқырмандардың ақпараттық сұранысын қанағаттандыру, олардың сұрақтарына жауап табу, мәліметтер қорымен таныстыру және жан-жақты консультацияларберу болыптабылады. Кітапханалықбілімгекөптегенжүйелі басылымдарарналған. Олардың ішіндегі бірқатарын С. А. Езова және И. А. Мейжис жазған. Әрбір автор өз ойын өзара әрекеттіңтеориялықжәнеәдістемелікнегізіндежазған. Теориялықбілім– кітапханасаласынақатысты барлық жүйелерді, әкімшілік жүйеден бастап шағын бөлімдердің жүйесіне дейінгі жұмыс процестерін тереңінен түсіндіру жұмыстары қамтылса, ал Интерактивті білім – жаңа инновациялы технологияны пайдалана отырып кітапхана мамандарына виртуалды ақпарат беру болып табылады. Интерактивті жақтың мазмұны ақпараттық қажеттілікті қанағаттандыру арқылы көздеген мақсатқа жету. Кітапханалық білім беру процесіндегі теориялық, интерактивті, практикалық жүйенің үш түрі де бірбірімен тығыз байланыста және ортақ ісәрекеттің шешіміне жетудің сапасы мен тиімділігін белгілейді. Кітапхана - ежелден-ақ адамзат ақыл-ойының мәңгілік тұрағы. Адамзат өркениетінің дамуына қатысты мәліметтердің өзі баспа және жазба деректерден алынғаны аян. Археологиялық мәліметтерге сүйенсек, І мыңжылдықтан біздің дәуірімізге дейін жазу және оқу дағдыларын тек сақ тайпалары ғана меңгерген екен. I мыңжылдықтың екінші жартысынан біздің дәуірімізге дейін қазақ даласына орхон-енисей жазбалары жеткізілді.Осылай, оқу мәдениеті тарихтың күретамырындай тереңге бойлап,біздің өркениетіміздің негізін құрады және бүгінгі күні келешек ұрпақты білім нәрімен сусындататын басты құралға айналды.

XIX-ғасырдың басында Қазақстанда гимназиялар мен уездік училищелер жанынан оқушылар кітапханасы желісі құрылған еді. Бұл кітапханалардың барлығы да оқырмандардың ортақ сұранысын қанағаттандырып, идеологиялық жұмыстар жүргізуге және ғылыми-техникалық жетістіктерді насихаттауғатартылды. НақсолкезеңдеҚазақстанныңіріқалаларындатарихи-өлкетанужәнеғылыми- жаратылыстану үйірмелері,сан алуан қауымдастықтар мен мәдени-ағарту мекемелері пайда бола бастады. Мектептер мен сол мектептер жанындағы кітапханалардың пайда болуы ағарту ісінде ерекше мән-мағынаға ие болды. Мұндай мектептің негізі тұңғыш рет 1874 жылы Шымкент қаласында қаланды.

156

Қазақстандағы мектептер мен училищелер жанынан кітапханалар құруда ағартушы-педагог, жазушы Ы.Алтынсариннің еңбегі зор. Мектеп кітапханаларының негізін қалаушы ретінде Ы.Алтынсариннің белсенді қоғамдық қызметі педагогикалық жұмыстарымен қатаркүш алды. Ы.Алтынсарин орыс ақын-жазушыларының шығармаларын қазақ тілінде сөйлетті, сол еңбектер орысқазақ мектептеріне арналған оқу құралдары ретінде мектеп кітапханаларының кітап қорларының басым бөлігін құрады. Бұдан бөлек,балалар кітапханасын әрі қарай толымдау жұмыстары да Ы.Алтынсарин есімімен байланысып жатыр.Кітапханаларға кітаптар Петербург,Мәскеу,Орынбор қалаларындағы кітап сатушылардан алынды.

Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. Халықтың көкірек көзін ашар кітаптар қорына бай кітапханалар заман талабына сай жұмыс істей бастады. Мысалы, ХХ ғасырда кітапхана қызметкерлері барлық жұмыстарын техникасыз атқарып, тек қолда бар ақпараттарды пайдаланған болатын. Ал қазіргі таңда заман ағымына сай кітапхана қызметкерлері кәсіби біліктіліктері жетіліп, өз жерімізде ғана емес, шет мемлекеттермен ақпарат алмасып, ондағыоқырмандарсауалдарынажан-жақты, толыққандыжауапбереалатындеңгейгежетті. Әсіресе, оқырмандардың электронды кітапханалардың мәліметтер базасын, әлемдегі ірі ақпарат орталықтары каталогтарын, жеке электронды топтамаларды оқып-білуіне мүмкіндік туды. Сондай-ақ кітапхана жұртшылықтың оқулықтар, кітаптар мен энциклопедиялардың CD-Rom-дағы, интерактивті оқу курстарының электронды басылымдарын қарауына мүмкіндік жасап, заман талабына сай өз міндетін орындауда. XX ғасырда жаңадан кітапхана қызметкерлері іріктеле бастаса, ал XXI ғасырда кітапхана қызметкерлерін даярлайтын арнайы оқу бағыттары пайда болды.

XXI ғасыр кітапханалар мен кітапханашылар үшін өркендеу, жаңғыру ғасыры болады. Ол – өркениет талабы. Міне, сондықтан қарастырылып отырған кезеңдегі кітапханалардың құрылуы және кітапхана қызметкерлерінің қалыптасуының әлеуметтік құбылыс ретінде пайда болу кезеңдерін ашу - XX ғасыр басындағы қазақ халқының еуропалық рухани байлықтан кенде қалуының себебі оның табиғи болмыс-бітімінен емес, қоғамдық-саяси себептерден туындағанын көрсетуге мүмкіндік береді. Кітапхана қызметкерлерінің материалдық және әлеуметтік жағдайына байланысты мәселелерді шешудегі партиялық, өкіметтік органдардың қызметіндегі жетістіктер мен кемшіліктерін, кітапхана мамандарықызметініңмазмұныментүрлерін, әдіс-тәсілдеріннақтыфактілерменкөрсету тақырыптың зерттеу объектісі бола алады. Тарихи тәжірибені объективті зерттеу тәжірибеде пайдасы бар құндылықты сақтау үшін қажет. Кітапханалардың қалыптасуы, кітапхана қызметкерлерін дайындау, олардың әлеуметтік ахуалы XX ғасыр басында қазақ қоғамының өтпелі кезеңінде болды, оның таңдаулы үлгілерінің, ізденістері мен тәжірибесінің Қазақстандағы бүгінгі мәдени үрдістер үшін де маңызы зор.

Бүгінгі күні кәсіби шеберлік пен кәсіби құндылық – кез-келген маманның қоғамдағы сұранысы мен орнын анықтайтын басты принцип. Әсіресе, кітапхана саласы ақпараттық және білім орталығы болғандықтан, ақпараттыберументабу, іздестіружолдарынбілудекітапханашымамандареңалдымен жоғарғы ақпаратты біліммен қаруланған өз ісінің шебері болуы керек. Отандық кітапхана ісін зерттеушілердің пікірінше, кітапханашылардың білімін жаңғырту олардың кәсіби шеберлігін ұдайы жетілдіріп отыру жолымен жүзеге асырылуы тиіс. Ұдайы оқуда, ізденісте болуы –кітапханашының кәсібиміндеті, себебікітапханағатүсетінәрбіржаңаақпаратмаманнанбелсендіқабылдаудыжәнеоны іс-тәжірибеде қолдана білуді талап етеді. Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасын, кітапханашы – білімді бойына жинап, таратушы адам ретінде танылып келеді, өйткені ол кітаптардың мазмұнымен, әртүрлі басылым түрлерімен белсенді жұмыс істейді, оқырмандардың жүрегіне жеткізеді. Алайда бүгінгі ақпарат көлемінің ұлғая түсуіне байланысты, кітапханашылардың барлығы бірдей білімді оқырманмен жұмыс істеуге қабілетті деп сеніммен айта алмаймыз. Кәсіби білімге деген өлшемнің өзіндік салмақты негізі бар. Кітапхананың атқаратын қызметінде кәсіби білімнің маңызы зор болғандықтан, кітапханашының әркез өз білімін көтеретін шараларға қатыспауы, айналасында болып жатқан құбылыстарға немқұрайлы қарауы, өзінің кәсіби міндеттеріне этикалық тұрғыдан жауапкершілікпен қарамауы кітапхана қызметіне кері әсерін тигізеді. Қазіргі мамандықтарға, әсіресе тұрақты негізде кәсіби деңгейін көтеріп отыруды қажет ететін мамандарға міндетті түрде ғылыми зерттеулер жүргізіп отыру қажет. Өйткені кітапханалық ортада мамандықтың құндылығын жете мойындамау, қызмет көрсету деңгейіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмеу сияқты келеңсіз жағдайлар белеңалып келеді. Күні бүгінге дейін кітапханашы еңбегі қоғамдағы жалақысыаз төленетін мамандық болып келе жатқаны жасырын емес. Осындай кейбір мәселелерге қарамастан, қоғам өзгерісінде кітапхананың рухани орталық ретіндегі мәртебесін жоғалтпай келе жатқаны көңіл қуантады, ал кітапханашы мен оқырманның арасындағы қарым-қатынас проблемаларын шешу, кітапханашының кәсіби деңгейін көтеріп, жетілдіріп отыру – кітапхананың әдістемелік орталықтарының міндеті.

157

Қазіргі кезеңде кітапханалық білім – тәрбие беру жүйесінің ең басты мәселесі – кітапханалық қызметкөрсетудіхалықаралықдеңгейгежуықтату. Олүшінкітапханағазаманталабынасайбілімжәне тәрбиестандартыненгізу, соғансәйкескәсібишеберлігідамығанкадрларменқамтамасызету, ғылымиәдістемелік бағытқа ынталандыру қажет. Олай болса, елімізде кітапхана саласына көңіл бөлініп, кеңінен қолдау көрсетілсе, жас мамандардың кітапханашы мамандығына қызығушылығы артып, кітапхана ісін ілгерілетуге мол үлестерін қосары даусыз.

Колледжде білікті мамандар даярлау, оқыту сапасын арттырудың бірден-бір жолы озық білім беру мен оқытудың инновациялық технологияларын ендіру, шетелдермен интеграциялық байланыста болу және тағы да басқа бағыттарда атқарып жатқан жұмыстар көп. Осындай міндеттерді жүзеге асыруда колледж құрылымдық бөлімі ретінде кітапхана өзінің көп салалы дәстүрлі кітаптар және электронды ресурстарымен пайдаланушылардың оқу-тәрбие үрдістері мен ғылыми ізденістерін қамтамасыз етуші, ақпараттық білім беру орталығы ретінде зор үлес қосуда. Студенттің білімінің сапасы жоғары болуы әрине, біздің оқу орнының дайындап жатқан болашақ мамандарына тікелей қатысты. Сондықтан да олардың сапалы білім алуларына біріншіден оқытушылардың, екіншіден кітапхананың кітап қоры мол және қолда бар құндылықтарды жеткізе, насихаттай білетін білікті кітапханашының болуы маңызды. Бүгінгі таңда кітап қорын оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, қосымша әдебиеттермен қатар әртүрлі электронды тасымалдағыштардағы ресурстармен толықтырылған.

Кітапханалық білім прогресі – кітапхана ісінің теориясын, тарихын, әдістемесі мен технологиясын зерттейтін ғылыми жүйе. Терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген «Кітапханатану жөніндегі негізгі басшылықтың іс-тәжірибесі» атты 2 томдық еңбектің авторы, неміс кітапханатанушысы М.Шреттингер (19 ғ.). Кітапханатанудың негізгі салалары: жалпы Кітапханатану, кітапхана қоры, кітапхана каталогы (құжаттарды электронды тасымалдау), оқырмандармен жұмыс, кітапхана жұмысын ұйымдастыру, кітапхана ісінің тарихы. Кітапханалық ой жүйесі қолжазбалық және баспа кітаптарды, басқа да ақпараттық тасымал құралдарын жинайтын, сақтайтын және пайдаланатын мекеме ретінде кітапханалардың пайда болуымен бірге қалыптасты. Кітапханатану білім саласы ретінде басқа ғылымдардан бөлек өмір сүрмейді. Оның халықаралық байланыстары басқа ғылымдардыңәдістеріменіс-тәжірибелерін, нақтыматериалдарын, теориялықмәселелердішешуүшін пайдаланылса, олар өз кезегінде Кітапханатанудың теориялық және іс-тәжірибелік қуатын қолданады. Кітапханатану білімінің аса маңызды теориялық қағидаларына сүйене отырып, қазақстандық Кітапханатану білімі қазіргі қоғамдағы кітапхана үрдістерінің даму заңдылықтарын теориялық тұрғыдан белгілейтін қағидаларды жүйеге келтіріп, кітапхана ісінің әлеуметтік мәселелерін, кітапханалардың қоғамдық рөлін, Қазақстан жағдайларындағы халыққа кітапханалық қызмет көрсету түрін жан-жақты зерттейді.

Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде ой-өрісі жаңашыл, дүниетанымы жоғары, шығармашылықдеңгейдеқызметатқараалатын, жан-жақтықалыптасқанжекетұлғаныдамытуғажәне кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Кәсіптік білім беретін оқу орындарының алдына қойған міндеттерінің бірі «іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамшыл, еңбек рыногы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген командада жұмыс істей білетінжаңатұрпаттымамандаярлау». Жаңазаманкомпьютердәуіріболғаныменқазіргітаңдағыжанжақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі, рухани азық іздеген, білімге ұмтылған жас ұрпақтың, ұстаздардың табылар жері – кітапхана.

КІТАПХАНА САЛАСЫНДА ЖАРНАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Сайлаубек Айман

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Тарих, археология және этнология» факультеті 5В091000. Кітапхана ісі мамандығының 3 курс студенті

Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпаратық, білім беру және мәдени ағарту қызметінің негізі болып табылады.

XXI ғасыр мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Барлық білімнің қайнар көзі - кітапханада екені баршамызға анық.

158

Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығымен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруды кітапханалардың алар орны ерекше.

Кіапхана қызметін дамытуда көпшілік кітапханалардың және мекемелермен ұйымдардың қызметіне әдістемелік көмек көрсетіп, кітапхана ресурстарын талдауда, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуде және біріңғай жүйені жетілдіруде ақпарат көздерін қоғамда, пайдалануға ықпалын тигізіп, ұйымдастыратын идеологиялық және ғылыми ақпараттық орталық болып табылады. Жалпы кітапханалар жүйесін сақтап қалу, оқырмандарға жаңаша түрде қызмет қөрсету, оқуға баулу, рухани байлығын көтеруде кітапханалық жарнаманы қазіргі заманға сай жүргізілуі қажет-ақ.

Кітапханалардажүйелітүрдеғылымипрактикалықконференциялар, байқаулар, семинар-тренинг, практикалық сабақтар, көмектер, дөңгелек үстел, іс-тәжірибе трибуналары және көптеген көпшілік ісшаралардың белсенді түрлері мен әдістерін жарнамалау.

Жарнама біздің елімізге нарықтық экономикалық қатынастар мен бірге келіп кірді. Алайда жарнамаға өнер ен мәдениет саласында оның ішінде кітапханада ғылым туындысы емес, насихат құралы ретінде қарау пост кеңестік кеңістікте, соның ішінде республикамызда әлі де басым болып отыр.

Қазақстанда жарнама өнеркәсіп, сауда салаларымен салыстырғанда қаржы - несие жүйесінде, соның ішінде банк қызметінде нақты дамып келеді.

Жарнама агенттіктері, сондай-ақ оларға тапсырыс беретін жеке фирмалар, мемлекеттік кәсіпорындар, дайын жарнама өнімін насихаттайтын жарнаманы жоғары бұқаралық ақпарат құралдары тек орыс тілінде жұмыс істейді.

Қазіргі таңда кітапханаларда жарнаманы кеңінен падалана алмайтындағы және арнайы бөлімінің жұмыс жасамайтындығы бізді қатты қынжылтады. Міне, мен сондықтанда осы тақырыпты таңдап кітапханалық жарнаманың кітапханада, оның орны ерекше екендігін атап өтіп, оны кітапханашылар мен студенттер арасында кеңінен насихаттау. Бұл жұмысымда Қазақстан Республикасының кітапханалық жарнамасының мәселелерін шешудің жолдарын, жарнама жасаудың әдіс-тәсілдерін, түрлерін, жарнаманың кітапханада кеңінен қолдану ерекшеліктерін атап көрсетіп, терең талдау жасап, ғылыми зерттеу жұмысын жүргіздім.

Сонымен проблеманың көкейтестілігі қазіргі кезеңдегі кітапхана ісін одан әрі дамыту және осы кезеңдердегі қағидаларды басшылыққа ала отырып, кітапхана ісін жандандыру - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы тауқыметті шешудің негізгі тұтқасы кітапхана ісін жаңа технологиялық әдістермен ұдайы жетілдіріп отыру, ақпарат көздерін қоғамда пайдалануға ықпалын тигізіп, оқырмандардың сұраныс талаптарына жаңаша түрде қызмет көрсетуін жарнамалау арқылы тұтынушыларды оқуға баулу.

Қазақстан Республикаларының кітанаханаларында жарнамалық іс-әрекеттің көптеген әдістерін пайдалану тәжірибелері жинақталған: ең басты ақпараттық-мәдени және ағарту орталығы болуға мүмкіндік беретін «паблик рилейшнз» (қоғамдық ұйымдармен жоспарланған ұзақ мерзімдік іскерлік тілектестік қарым-қатынас орнату) қолданылады. Интернет, шет тілдер мен қазақ тілін оқыту, аударма қызметі, кітап дүкені, видеофильмдер прокаты, компьютерлік қызмет көрсету түрлері жақсы жолға қойылған.

Кітапхана жарнамасын алғаш жүргізген ғылыми-техникалық кітапханалар өз фирмалық белгісін жасап, оны ҚР Экономика және сауда министрлігінің Патент агенттігіне бекіттірді, «Ақпаратты білетіндер ғана табысқа жетеді» деген фирмалық ұран пайдаланылады.

Кітапханалар шетелдік қоғамдық ұйымдармен байланыс «паблик рилейшнз» ғана қолданбайды, соныменбіргежергіліктіэкономикалық, мәдени, діниерекшеліктердідеескереді. Облыстық, аудандық газетте өз рубрикасы бар. Онда шағын әдебиет шолуы, жаңа кітаптар туралы библиографиялық ақпарат, т.б. материалдар (кітапхана өмірі туралы очерктер, облыс мамандарына арналған республикалық әдебиеттер көрмесінен репортаждар, директормен интервью), тегін жарнамалық хабарландырулар, шақырулар шығады.

Модельді кітапхана мәртебесін, имиджін (келбетін) құрастыру бірнеше бағыттан тұрады:

кітапхана және оның құрылымдық бөлімдері туралы ақпарат;

кітапхана қоры, оның құрамы мен құрылымы туралы ақпарат;

кітапханалық қызмет түрлері және оның интеллектуалдық өнімдері туралы ақпарат, компьютер мен көбейткіш техниканың көмегімен көркейтуге ішкі және сыртқы қажеттіліктерге баспа өнімдері (фирмалық бланкілер, буклеттер, пайдаланушы билеттері, фирмалық конверттер, визиткалар, т.б. басылым өнімдері) кітапхана қызметі нарығындағы бәсекелестікте жеңіп шығуға кемектеседі.

159

Кітапхана витриналарын талғаммен және ақпараттық жарнамалық материалдарға толы етіп өңдеген кітапханада бейдж тағу тәртібін енгізу, пайдаланушылардың талабын зор ықыласпен орындап ақпарат беріп қана қоймайды, жұмысқа құлшыныс туғызатын жайлы көңіл-күй қалыптастырады. Ең жақсы жарнама — ықыласпен тыңдайтын, жинақы көмек көрсете алатын кітапханашы.

Қандай да бір нәрсенің жаңашылдығын түсіну үшін оған ұқсас нәрселерді өткен уақыттан тауып, салыстыру қажет. «Жарнамалау» мен «ақпарат беру» деген ұғымдардың біздің қоғам мүшелерінің түсінігінде синоним болғанына кең уақыт өте қойған жоқ. Бұл екі жағдайда пайдаланушыларға белгілі бір мәліметтер беріледі.[1;б.19]

Кез келген жарнама ең кем дегенде екі жағдайда тиімді, біріншіден, кітапхана дамуының маркетингтік концепциясының бір белігі ретінде қызмет көрсету сапасын, ақпараттық өнімдер мен сұраныстағы қызметтердің жылжу үрдісін зерттеу, екіншіден, пайдаланушылардың жалпы қажеттіліктерін анықтауға бағытталған. Жарнаманы дұрыс ұйымдастыру арқылы кітапхана өз пайдаланушыларымен ғана емес, міндетті түрде ықтимал пайдаланушылармен де жұмыс істейді. Кітапхананы жарнамалайтын материалдар ең әуелі кітапхана ғимараты ішінде,ал сыртта — адам кеп жүретін жерлерге ілінеді. Сонымен қатар хабарлаудың ресурстық аспектін сервистік қызмет керсету аспектісі толықтырса, жарнамалаудың әсері арта түсетінін білген жен.

Іс жүзінде, озін жарнамалайтын кітапханалар Ресейде, Қазақстан мен жалпы Тәуелсіз мемлекеттер достығы елдерінде өте көп, бірақ тиімді істің көзін таба алмай жатуы мүмкін. Ал басқа кітапханаларды жарнамасыз қазіргі кезенде өмір сүру қиын екеніне сендіру қажет.

Жарнама– адамдардыңбеймәлімтобынаарналғанжәнежеке немесезаңдытұлғаларға, тауарларға, тауар белгісі қолдауға арналған. Оларды өткізуге жәрдемдесетін кез келген нысанда, кез келген жарнама саласындағы жосықсыз бәсекеден қорғау, жөнсіз жарнаманы болғызбау және оларға тыйым салу болып табылады.

(Қосымшанықараңыз. ҚазақстанРеспубликасының2003 жылғы19 желтоқсандағы№508 Жарнама туралы Заңы).

Кітапхананың жарнамалық қызметінің мақсатын өркениетті елдерде қабылданған нарықтық талаптарға негізделген. Жарнама адал, шыншыл, қоршаған ортаға, мекемелерге, адамдарға зиян келтірмеу, күштеу-зорлық, қатерлі іс-әрекеттерді туғыздырмауы тиіс. Кітапхана коммерциялық емес ұйым ретінде әлеуметтік жарнамамен айналысатын жарнаманы жасап, тарату, орналастыруда және пайдалану үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуде, занды және этикалық талаптарды сақтамаған жағдайда козсіз тәуекелдікке барады.

Әрбір жарнамалық хабар заң тұрғысынан дұрыс, шыншыл, қоғам алдыңдағы жауапкершілік, бәсекелестік принципі тұрғысынан да мінсіз болып, қоғамның жарнамаға деген сенімділігіне сызат түсірмеуі керек.

Парижде қабылданған жарнаманың Халықаралық Кодексінде белгілі бір талаптар белгіленген. Солардың кейбіреуін алсақ:шыншылдық;

мінсіздік;

салыстыру (5-бап).

Жарнама хабары адал бәсекелестік принципіне сай, тауарларды салыстыру адал да дәлелді фактілерге сүйенуі тиіс;

тұлғаның құқықтарын қорғау (8-бап). Жарнама хабарында адамдардың жеке өмірі мен қоғамдық өмірі туралы олардың рұқсатынсыз жазбау керек;

қауіпсіздікті қамтамасыз ету (12-бап). Жарнама хабарында қауіпті жағдайлар, дәстүрлер, қимылдар туралы сөз болмауы керек;

жауапкершілік (14-бап). Осы кодекстегі ережелер үшін жауапкершілік жарнама берушілерге, баспаларға, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) қожайыңдарына, жалпы барлық келісімшарт жақтарына жүктеледі.Біз кітапхана жарнамасының негізгі бағыттарын қарап шықтық.

Кітапхана жарнамасы қазіргі уақытта коммерциялық бағыттағы жарнамалардан ерекшеленбейді. Әрине кітапхана жарнамасы – сыпайы жарнама, біздің интеллектуалдық өнімдерімізді, ресурстар мен қызметтерді ғана емес, идеяларды да жарнамалайды. Бұл жерде дәстүрлі ағарту және тәрбиелік мәні бар міңдеттерді айтып отырмыз: көркемдікке деген талғамды тәрбиелеу, кітапхананың ақпараттық мүмкіндіктерін пайдалана білу. Білім алуды, рекреативті, араласу және т.б. іс-әрекеттерін жандандыра отырып, кітапхана жарнамасы біздің жұмысымызды жаңдандырады.

Кітапхананың жағымды бейнесін қалыптастыра отырып, жарнама кітапхана қызметкерлерінің ауыр еңбегін, олардың шығармашылық фантазиясы мен талантын бағалауды үйретеді.

Қызмет көрсету үрдісі тек техникалық қана емес, сонымен бірге мазмұны жағынан да жаңартуды керек етеді. Сонымен жарнама әдісі кітапхана модернизациясына компьютерлендіруден кем қызмет

160

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]